ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2019 | 12:02
Ешкім ешкімді жауып жатқан жоқ - Скляр Алматы маңындағы әуе апаты жайлы
Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында әуе апатына кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында әуе апатына кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен Тоты Әмірованың (Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы қызметкері - авт. түсіндірмесі) жазбаларына қатысты пікір білдіргім келмейді. Өздеріңіз білетіндей, ол теріс қылық бойынша жұмыстан босатылды. Алайда, дәл сол кісі, мемлекеттік бас инспектор ретінде Fokker 100 ұшақтарына барлық сертификатты берген. Ол кезде бұл заңсыз болды дей алмаймын. Мемлекеттік инспекторлар, Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істегендер әуекомпанияның қызметін осыған дейін де тоқтатқан.
Алайда, компаниялар ребрендинг жүргізіп, БСН-ді өзгертіп, сол құраммен және сол ұшақтармен пайдаланушы куәлігін қайта алуға тырысқан жағдайлар болды. Министрлік тарапынан бұл куәліктерді қайта тоқтатып отырдық, себебі бұл нағыз фикция. Сондықтан осы жағдайға қатысы бар әрбір адам жауапқа тартылады. Егер анықталған жағдайда Азаматтық авиация комитетінің өкілдері де жауап береді. Ешкім ешкімді жауып жатқан жоқ. Тергеу нәтижесінде алынған барлық мәлімет жарияланады", - деді Скляр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Айта кетейік, алғашқы қазақстандық ұшқыш әйел Тоты Әмірова 2019 жылдың жазында азаматтық авиация комитетінен жұмыстан босатылған еді. Сол кезде министрдің блогына жазылған арыздан соң қызметтік тексеріс қорытындысы қызметтен босатуға себеп болды, онда ААК ұшу пайдалану басқармасының басшысы ретінде оның заңсыз әрекеттері туралы хабарланған.
Показать комментарии
Читайте также