“Ешкімнің жекеменшігі емеспін“ - Индира Елемес отбасылық өмірі туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әнші Индира Елемес Kezdesu-дің кезекті қонағы болып, жеке өмірі туралы сыр шертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Индира Елемес Kezdesu-дің кезекті қонағы болып, жеке өмірі туралы сыр шертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші қазір жұбайымен ажырасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе 2022 жылдан бері қозғалып келеді екен.

"Мен ешкімнің жекеменшігі емеспін. Ол адамда басқаша ой болды. Өзінің жекеменшігі секілді. Ондай керек емес. Мен он жыл бойы солай өмір сүргеніме таңғаламын", - дейді әнші.

Реклама
Реклама

Индира Елемес отбасына қатысты көп нәрсені сыртқа шығарғысы келмейтінін айтты.

"Жанұя деген жеке бір мемлекет қой. Сондықтан іште не болып жатқанын сыртқа шығарғым келмейді. Өйткені балаларым бар. Олар ертең сұхбатты көреді ғой", - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші той болмағанын да айтты. Оның сөзінше, жұбайын жақсы көрмегендіктен ақ көйлек кимеген. "Ер азамат болғаннан кейін сыйладым. Біз қалай келістік, ол сөзінде тұра алған жоқ. Егер де сөзінде тұрғанда, мен әлі де сол кісінің жары болатын едім", дейді Индира Елемес.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама