Есімов: EXPO-2017 көрмесіне келушілерді тарту үшін асыра сілтеуге жол берілмейді

© Тұрар Қазанғаов

Глава нацкомпании "Астана ЭКСПО-2017" ?лтты? компаниясыны? басшысы Ахметжан Есімов ??ірлік ?кімдерге халы?аралы? мамандандырыл?ан к?рмеге келушілерді тарту ?шін ?зіні? ?ызмет орнын пайдаланып ?иянат етуге жол берілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?лтты? компанияны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Глава нацкомпании "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов өңірлік әкімдерге халықаралық мамандандырылған көрмеге келушілерді тарту үшін өзінің қызмет орнын пайдаланып қиянат етуге жол берілмейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Халықаралық мамандандырылған Көрмені жылжыту жұмысы, өңірлерден келушілерді және шетелдік туристерді тарту, еріктілерді даярлау - осы және өзге де сұрақтар талқыланды.

Шара "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Астана, Алматы және облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен өтті.

Реклама
Реклама

Кеңес қатысушылары Көрме нысандары, павильондардың контенті, билеттік бағдарлама және оның шарттары туралы егжей-тегжейлі таныстырылып, ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды.

Ұлттық компанияның жетекшісі "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі Елбасының жобасы екендігін әрі жер-жерде әкімшілік ресурс арқылы келушілерді тарту орынсыздығын атап айтты.

"Сіздер (шенеуніктер) азаматтарға Көрменің мақсаты мен міндетін, оның болашақта Қазақстан экономикасына тигізетін мультипликациялық әсерін түсіндірулеріңіз қажет. ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізудің кепілі мәжбүрлеп міндеттеу емес, істі тиімді жылжыту және жарнамалау болып табылады. Көрменің басталуына екі айдан кем уақыт қалды. Сондықтан біз жұмысқа жұмыла кірісуіміз керекпіз. Өйткені, 93 күн бойы еліміз бүкіл дүние жүзінің назарында болмақ", - деп көрсетті Ахметжан Есімов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама