ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2023 | 09:35
Ескі ағаш көліктер мен үйлерге құлады: алматылықтар шағымын айтты
Алматылықтар шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу ауданының тұрғындары аудан әкімдігіне шағымданып, редакцияның WhatsApp желісіндегі нөміріне хабарласты. Олардың айтуынша, 13 наурызда ауданда үлкен ескі ағаш құлап, қоршауларды, үйлерді және екі көлікті зақымдаған. Зардап шеккендер жоқ, дегенмен тұрғындардың айтуынша, олардың біреуі зардап шегуі мүмкін еді.
Олар аудан әкімдігіне 2020 жылғы мамырдан бастап осы ағашты кесу немесе кесуге рұқсат беру туралы берген өтініштердің көшірмесін жолдады. Алайда тұрғындардың айтуынша, барлық өтініш ескерусіз қалған.
Алматы әкімдігі Великолукская 67 мекенжайы бойынша 13 наурыз, дүйсенбіде жеке аумақта орналасқан және екі автомобильге, қақпаға, газ құбырына зиян келтірген ағаштың (Қызыл кітапқа енген емен) құлау дерегі анықталғанын хабарлады.
Расында, аудан әкімінің аппаратына 2020 жылдың 20 шілдесінде А.А. Асановтан ағашты санитарлық кесу туралы хат келген. Өтініш білдірген тұрғынға жасыл екпе жеке аумақта орналасқандықтан санитарлық кесу немесе кесу жұмыстарын өз бетімен жүргізу керектігі туралы жауап берілді.
2023 жылғы 17 қаңтардағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау ережелері жеке тұрғын үйлердің аумақтарындағы, саяжайлардағы жасыл желектерге қолданылмайтыны атап өтілді. Ағашты кесу рұқсатты қажет етпейді және оны жер иесі өзі жасауы керек.
Әкімдіктегілер ағаш өскен жердің иесі келтірілген шығынды өтеуі керек деп қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также