Ескі үлгідегі купюраларға деген тыйым 4 қазаннан бастап қана салынады - ҚР Ұлттық банкі
2000, 5000 және 10000 теңге номиналындағы банкноталар биылғы 4 қазаннан бастап жарамсыз болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің өкілдері хабарлады.
2000, 5000 және 10000 теңге номиналындағы банкноталар биылғы 4 қазаннан бастап жарамсыз болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің өкілдері хабарлады.
Қаржы реттеушісінің өкілдері бұл мерзімге дейін осы банкноталар заңды есеп айырысу құралы екенін және оның Қазақстанның барлық территориясында қандай да бір шектеусіз төлемдерге және банк операцияларына қолданыла беретінін атап өтті. "3 қазаннан бастап ескі үлгідегі банкноталардың жүрісі аяқтаады. 4 қазаннан бастап бұл банкнотаар Қазақстан территориясында заңды төлем құралы болмайды. Айта кетейік, 3і күні бұл банкноталар әзірше заңды төлемқ құралдары", - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, кез келген азамат қаржының қолданыстан алып тасталғанын күтпей-ақ, оны Ұлттық банктің барлық филиалында тегін айырбастап алуға құқылы. Айта кетейік, ескі теңгесін жаңасына ауыстырып үлгермеген жандар еш алаңдамаса болады. Қолданыстан шыққан банкноттарды азаматтар алдағы бір жыл бойы, яғни 2017 жылдың 3 қазанына дейін екінші деңгейлі банктерде айырбастай алады. Қаржыны қабылдау, айырбастау және ұсақтаудан бас тартқан банктер 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді екен.