09 ақпан 2021 | 12:12

Ескертусіз тексеруге енгізілген мораторий кәсіпкерлердің тәртібіне ықпал еткен - қаржы министрі

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ескертусіз жүргізілетін тексерулерге үш жылға мораторий енгізгенен кейін кәсіпкерлер тәртібі төмендеген. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ескертусіз жүргізілетін тексерулерге үш жылға мораторий енгізгенен кейін кәсіпкерлер тәртібі төмендеген. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдан бастап кәсіпорындарды тексеруге енгізілген мораторийдан кейін кассалық тәртіптің сақталмау дерегі көбейген. Көп кәсіпкер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қолданып жүр. Тек 2020 жылдың өзінде "Азаматтық бақылау - Чекті талап ет" жобасы аясында МКК-ға заңбұзушылықтар туралы 16,5 мың хабарлама мен видео келіп түсті", - деді Қаржы министрлігінің басшысы үкімет отырысында.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мораторий салдарынан Мемлекеттік кіріс органдары жеті мың шағымға тексеру жүргізіп, жауап бере алмаған.

Реклама
Реклама

Ол Қаржы министрлігі Президент Жарлығы азаматтардың шағымдары мен мораторийді жосықсыз қолданатын субъектілерді тексеруге мүмкіндік бермейтіндіктен оған түзетулер енгізуді ұсынғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная