07 қараша 2022 | 14:51

Есіктегі жанжал: дәрігерлер жараланған төрт адамның жағдайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Есіктегі тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккен төрт адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Есіктегі тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккен төрт адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасы 5 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөліміне төрт зардап шегуші түскенін хабарлады.

1991 жылы туған науқас кеуде қуысынан жарақат алған. Қазіргі уақытта ол бейінді бөлімге ауыстырылған. Жағдайы тұрақты. 1984 жылғы тағы бір науқастың дене және іш қуысында пышақ жарақаты болған. Оған ота жасалды, реанимацияда жатыр, жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Реклама
Реклама

1987 жылғы науқастың желке аймағында кесілген жаралар және оң жақ иығында жарақат болған. Ол травматология бөліміне жатқызылған, жағдайы тұрақты. Тағы бір науқас тексерістен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілген.

Алматы облысының полицейлері де олар тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккенін атап өтті. Олардың бірі алған жарақаттарынан қаза болған. Іс 99-баптың 2-бөлімі бойынша тергеліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Есіктегі ауруханаға бес адам жарақатпен түскені, біреуі қаза болғаны белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная