20 ақпан 2014 11:42

Есімов кәсіпкерлерді мүгедектерге жұмыс беруге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов кәсіпкерлерді мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің есеп беру кездесуінен. "Мен кәсіпкерлерді мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға, оларға қосымша табыс табуға мүмкіндік беруге шақырамын. Егер бір кәсіпорын ең болмағанда мүмкіндігі шектеулі бір немесе екі адамды жұмысқа алса, ол біздің көмектескеніміз болып саналады", - деді Ахметжан Есімов. Бұған дейін депутат Светлана Жалмағамбетова мүгедектердің Парламентте, министрліктер мен әкімдіктерде жұмыс істеуі керектігін айтқан болатын. Сенатор үкіметтің мүгедектерді жұмысқа орналастыру шараларын нәтижесіз деп есептейді. "Үкіметтен жұмыс берушілерді нақты саны мен нақты уақыты көрсетілген тәртіпте мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс орындарын ашуға ынталандыру жөнінде шараларды ойластыруды сұраймын", - деген еді Жалмағамбетова. Депутат еліміздің елді мекендерінде мүгедектердің көздеген жеріне баруы мұң екенін айтты. Жалмағамбетованың пікірінше, бұған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана емес, құрылыс пен күрделі жөндеуге, автокөлік, теміржол, әуе көлігі, коммуникация және байланыс, өңірлерді дамыту мәселелерімен айналысатын ведомстволар мен барлық деңгейдегі әкімдер жауапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети