ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2021 | 11:27
Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті
Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Есімовтің басшылығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.
Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бұл нәтиже негізінен Есімовтің жоғары жауапкершілігі мен зор кәсіби тәжірибесінің арқасында мүмкін болғанын айтты. Сондай-ақ Есімовтің басқа да маңызды мемлекеттік лауазымдарда жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындағанына тоқталды.
Өз кезегінде Ахметжан Есімов өзіне артылған жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс айтты. Ол Қордың жеткен жетістіктері Тұңғыш Президенттің халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі ғана екенін атап өтті.
Ахметжан Есімов - 2001 жыл мен 2006 жыл аралығында Ауылшаруашылық министрі, ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылы ҚР Ауылшаруашылық министрлігін қайта басқарды. Министр қызметіне дейін Бенилюкс мемлекеттеріндегі ҚР Төтенше және өкілетті елшісі болды.
1998 жылы Президент әкімшілігін жарты жыл басқарды. 1996 жылы мемлекеттік хатшы болып үлгерді. 1996 жылдан 1998 жылға дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары, сонымен қатар 1997 жылы премьер-министр болды.
Ал 2008 жылдың сәуірінен 2015 жылдың тамызына дейін Алматы қаласының әкімі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также