“Есірткі полициясынан“: Алматыда адамдарды бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда адамдардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда адамдардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ЖҚАЖ сарбаздарымен бірлесіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, осы сылтаумен азаматтардан ақша талап еткен топты ұстады.

Арнайы іс-шара барысында, күдіктілерден "Полицияға жәрдемдесу отряды" қоғамдық бірлестігінің жалған қызметтік куәліктері, кісендер және ақша қаражаттары тәркіленген.

Реклама
Реклама

"Ұсталғандар өздерін есірткі полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, ақша аударымдары мен қолма-қол қаражат талап еткен", - делінген хабарламада.

Үш күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Бұл – биылғы жылы өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған үшінші жағдай. Нағыз полиция қызметкерлері тек заң аясында әрекет етеді. Алматы тұрғындарына үндеу жасаймын: егер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамдардың әрекеттеріне күмәндансаңыздар, дереу 102 нөміріне хабарласыңыздар", – деді Алматы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінің барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама