Кеше | 12:05

“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды

видео кадры

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау дерегі бойынша Б. және С.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау дерегі бойынша Б. және С.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істің мән-жайы бойынша, Б. және С., тұрғын үйдің кіреберісінде бола отырып, айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерді жасай отырып, былапыт сөздер айтқан. Құқық бұзушы С.-ның түсіндірмесінен көршісі Б. 22.00-ден кейін бірнеше рет негізсіз үнсіздікті талап етіп, жұбайына қатысты әдепсіз сөз сөйлегендіктен ол бұл әрекетті агрессия жағдайында жасағаны байқалады.

"Ол кінәсін мойындап, өкініш танытып, жәбірленуші тараппен татуласқысы келетінін айтты. Ал құқық бұзушы Б. өз кезегінде көршісі С.-ның сағат 22.00-ден кейін тыныштықты бірнеше рет бұзып, есірткі заттарын тастап кетемін деп қорқытқанын айтты. Ол кінәсін мойындамай, оның тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу болмағанын, оның тарапынан былапыт сөздер айтылмағанын және көршісі С. жанжалдың бастамашысы болғанын көрсетті. Б. және С.-мен жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, құқық бұзушылардың айғақтарымен, сондай-ақ болған оқиғаның бейнежазбасымен расталады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді.

"Сот қаулылары бойынша, Б. және С. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олар 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Б. және С.-ға қатысты жазалау шараларын айқындау кезінде сот қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметсіздік көрсетуге бағытталған, қоғамдық резонанс тудырған орынсыз мінез-құлықта көрініс тапқан іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескерген".

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная