01 қыркүйек 2022 | 12:42

Есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Тоқаев нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Синтетикалық есірткіні тұтынудың өсуі ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Кейінгі үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы дерлік еркін сатылады, тіпті үйіңізге дейін жеткізіледі.

Бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек. Сондықтан нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram