15 қазан 2019 | 18:03

Есті құлақ ұғынар, Әр сөзде мың бояу бар

Бүгінде Шымкентке жолы түскен адам қала көшелерінің поэзиямен әспеттелгенін бірден байқар еді. Онда өлеңмен өрілген 70-ке жуық билборд ілініпті. Әсілі, нағыз рухани жаңғыру үдерістері Шымқалада орын алады. Бұл шаһар әу бастан қазақилықтың қаймағы бұзылмаған өлке ретінде танылғаны белгілі. Жо-жоқ, біз Шымшаһарды Ұлы дала елінен ерекшелеп, бөле-жара көрсеткіміз келмейді. Әсіресе, руханиятқа қатысты дүниелер айтылғанда, көрсетілгенде, насихатталғанда делебең қозып, айрықша атқарылған істерге марқайып жүреді екенсің.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Шымкентке жолы түскен адам қала көшелерінің поэзиямен әспеттелгенін бірден байқар еді. Онда өлеңмен өрілген 70-ке жуық билборд ілініпті. Әсілі, нағыз рухани жаңғыру үдерістері Шымқалада орын алады. Бұл шаһар әу бастан қазақилықтың қаймағы бұзылмаған өлке ретінде танылғаны белгілі. Жо-жоқ, біз Шымшаһарды Ұлы дала елінен ерекшелеп, бөле-жара көрсеткіміз келмейді. Әсіресе, руханиятқа қатысты дүниелер айтылғанда, көрсетілгенде, насихатталғанда делебең қозып, айрықша атқарылған істерге марқайып жүреді екенсің.

Реклама
Реклама

Мәселен, соңғы апта айшығында қала көшелерінде өмірден өткендері, тірілері бар, қазақтың 70-ке жуық ақынының өлеңдері жазылған әсем билбордтар ілінгені көңіл қуантады. Анда қарасаң, адамзаттың Абайы "Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең - істің бәрі бос" деп қазақты ынтымақ-бірлікке шақырып тұр. Мұнда қарасаң, "Жан да аяулы, Мал да аяулы болса егер, Жан аяма, Жарың үшін жанды сат!" деп Шәкәрім атамыз ақылын айтып тұр. Әнебір көшеден өтіп бара жатып Жұмекен ақын "Аспанда күн барда, Әлемде сыр барда, Адамдар маңдайын жуған тер құртар ма! Беремін барымды, аламын жоғымды, Екі қол бір кеуде, Өзімде тұрғанда", - деп өскелең ұрпақты намысты, жігерлі болуға шақырып тұрғандай әсер қалдырады.

Бұлардан бөлек, Махамбет Өтемісұлы, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, т.с.с. мүйізі қарағайдай алыптарымыздың бейнесі, парасат биігіндегі поэзиясы менмұндалап, қала көшелерінен ары-бері өткен жолаушыларға оймақтай ой салып тұрғанын аңғармау мүмкін емес.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бүгінде үлкен рухани шараға бастамашы боп отырғанын айта кету керек. "Қазақты ұлт ретінде оның руханияты ғана сақтап қалады" деп есептейтін қала басшысы бұл істі өзінің тікелей бақылауында ұстап отыр-дүр. Ол билбордтарда тек Шымкенттен шыққан ақындардың өлеңдері енген деп ойласаңыз, қателесесіз. Мұнда бүкіл Ұлы дала географиясы қамтылған. Алтай мен Атыраудың арасын ен жайлаған қазақтың талантты ұл-қыздарының қаламынан шыққан шуақты жырлар сіздің жаныңызға нұр себезгілейді. "Өлең оқып тұру керек екен-ау" деп еріксіз ойланып қаласыз.

Ерлан Қуанышұлы өзінің қызметіне жаңа кіріскен кезінде өңірдегі зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің басын қосып, арнайы кездесу өткізіпті. Сол кезде шаһардың жаңа басшысының: "Ұлттық кодымызда бар мәліметті шығарып, дамытып, қалың елге, әсіресе жастарға паш ету керек. Президентіміз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның өлеңдерін оқу эстафетасын бастап берді. Бұл да идеологияның үлкен бағыты. Біз руханиятымыздан айрылып қалсақ, ертең жинап алу өте қиын болады. Бұл - өте нәзік сала. Сондықтан, тұрақты насихат жүргізілуі қажет", - деген сөздері мұнда үлкен рухани серпілістің басталарын меңгезегендей еді.

Десе, дегендей, Шымкентте бүгінде үлкен рухани серпіліс басталып кеткендей. Әсіресе, жастар жағы бұл жаңалықты қуана қабылдағандай. Олар өздерінің көздері шалып қалған билбордтағы өлеңдерді ұялы телефондарына сырт еткізіп түсіріп алып, одан ары ватсап желісі арқылы құрбыларына жіберіп жатқанына да куә болдық. Ең бастысы бүгінгінің жастарында жыр оқуға деген ұмтылыс пайда болыпты. Жастар жылында бұл да бір елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Бір ғана шырайлы Шымкенттегі осындай тың бастаманы жазуға түркткі болған нәрсе, Айтахановтың рухани жаңғыруда, ұлттық кодты тірілтудегі бастамашылдығы өзге әкімдерге де үлгі болса екен деген ниет қой біздікі!..


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная