"Ештеңе істеген жоқпын, ештеңе білмеймін" - Универсиада мердігерлеріне бейәдеп сын айтқан бапкер

Видеодан алынған кадр

?Р Керлинг Ассоциациясыны? президенті Виктор Кимні? "Алматы Арена" м?з сарайында?ы мердігерлерді сын?а алып жат?ан видеосына ?атысты жа?дайды? жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайы?, видео ?леуметтік желілерде б?гін, 20 ?а?тарда пайда бол?ан. 

ҚР Керлинг Ассоциациясының президенті Виктор Кимнің "Алматы Арена" мұз сарайындағы мердігерлерді сынға алып жатқан видеосына қатысты жағдайдың жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, видео әлеуметтік желілерде бүгін, 20 қаңтарда пайда болған. 

"Бүгін 2017 жылдың 19 қаңтарында Универсиаданың басталуына бір күн ғана қалды. Мынау "КонтинентЭнергоСтрой" істеген жұмыс. Ештеңе бітірмеген. 14 күні өткізуі керек болатын. "КонтинентЭнергоСтрой". Абысқалов. Оның тегі Абысқалов. Мен мұны әкім үшін айттым", - дейді бапкер видеода.

Реклама
Реклама

Видео туралы "КонтинентЭнергоСтрой" ЖШС атқарушы директоры Константин Павелковский және ҚР Керлинг Ассоциациясының президенті Виктор Ким өз пікірлерін айтты.

Павелковский келісімшартта нысанды өткізу мерзімі ретінде 20 қаңтардың көрсетілгенін айтты. "Келісімшартта керлинг аренасындағы трибуналарды жасау мен орнатуды аяқтау мерзімі 20 қаңтар. Бүгін жұмысты аяқтап жатырмыз. Ким мырза ештеңе бітірмеген деген кезде осы бітуге таяған трибуналарда тұрған. Абысқалов деген біздің серіктесіміз. Ол жоба жетекшісінің кеңесшісі ретінде тартылған тұлға. Оған басқаша ақпарат берілген", - дейді мердігер.

Ол бұл мәселеге аударатын уақыты жоғын айтады. "Ол осы трибуналарға тұрып алып, ештеңе бітпеген дейді. Ал жігіттер жұмыс істеп жатыр. Біз ісімізді атқарып жатырмыз. Біздің басты мақсат - Универисаданы өткізу. Әрбір адамның эмоциялық шешімдеріне уақыт бөлетіндей жағдайымыз жоқ. Бітіретін шаруаларымыз бастан асады. Мен бұл мәселе бойынша заңгерлермен сөйлесемін. Бірақ кейін. Қазір әрбір сағатымыз қымбат. Конструкция толықтай дайын, оны дайын күйінде алып келіп, орнатып жатыр. Соңғы трибуналар тиелген көлік бүгін таңертең келді", - деді Павелковский.

Tengrinews.kz тілшісі ҚР Керлинг Ассоциациясының президенті Виктор Киммен байланысқа шығып, оның айтқан сыны туралы толығырақ білгісі келді. "Ештеңе істеген жоқпын, ештеңе білмеймін. Солай жазыңыздар, мен ештеңе істегенім жоқ, ештеңе білмеймін де", - деп қысқа қайырды ҚР Керлинг ассоциациясының президенті.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Алматы Арена" мұз айдынында өткізілген баспасөз конференциясында Универсиада-2017 қысқы ойындарының медальдары таныстырылған болатын. Сондай-ақ, Универсиада кезінде 12 спорт түрінен 85 комплект медальдің ойнатылатыны айтылған еді.

Айта кетейік, үкімет отырысы кезінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшыларымыздың Универсиада кезінде биік жетістіктері үшін ақшалай ынталандырылатыны туралы айтып берген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама