12 ақпан 2021 | 09:36

"Эстрада жұлдызы резеңке етікпен жүр". Алматы шағынаудандарын лай басып қалды

Видео кадрлары

Қазақстандықтар Желіде ақпанда күн жылып, жауын-шашын болғаннан кейін Алматының шет жақтағы аумақтары қандай жағдайда екенін көрсетіп жатыр. Наурызбай ауданының тұрғындары балшық пен батпаққа көмілген көшелердің суретін таратқан. Видеолардың бірінде қазақстандық эстрада жұлдызы Әділ Сламхан көлігімен балшыққа батып қалған. Қалалық әкімдік бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Желіде ақпанда күн жылып, жауын-шашын болғаннан кейін Алматының шет жақтағы аумақтары қандай жағдайда екенін көрсетіп жатыр. Наурызбай ауданының тұрғындары балшық пен батпаққа көмілген көшелердің суретін таратқан. Видеолардың бірінде қазақстандық эстрада жұлдызы Әділ Сламхан көлігімен балшыққа батып қалған. Қалалық әкімдік бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеолардың бірін әнші Әділ Сламхан жариялады. Кадрлардан әнші резеңке етікпен жүргенін, жол талғамайтын көлігі батпақтан шыға алмай қалғанын байқауға болады.

"ХХІ ғасыр. Әділ Сламхан. Эстрада жұлдызы үйінің алдында батып қалды. Біз дамыған 30 елдің қатарына кірдік дейді. Аяқ балшыққа батып, пакетке орап жүреміз. Жолды тек қыста салатынымызға таңғаламын", - дейді әнші видеода.

Реклама
Реклама

Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданының тұрғындары бірнеше сурет таратқан.  

"Жүру мүмкін емес, тобығыңа дейін балшыққа батып кетесің", - деп жазды фото авторы.

Тағы бірі Наурызбай ауданы Тастыбұлақ шағын ауданындағы батпақты видеоға түсірген.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданы Жерұйық көшесінің тұрғындары да Желіде балшықтың видеосын таратқан. Кадрларда жол талғамайтын көлік балшыққа батып қалғанын көруге болады.

Ақжар ауылында да жағдай осындай.

Наурызбай ауданының әкімдігі Тастыбұлақ, Ақжар, Таусамалы шағын аудандарында су жүргізіп, кәріз желілері салынып жатқанын айтты.

"Аудан әкімі "Алматы Су" және "Монолит Дизайн" ЖШС, "АГС-Пласт" ЖШС мердігерлерімен бірге коммуникация тартылғаннан кейін жолдар мәселесі бойынша сол жерде жиналыс өткізді.

Бірлескен күш-жігермен көшелерге құм себу, балшықты кетіру және жолды тегістеу бойынша шаралар қабылданады деп шешілді, арнайы техникалар мен жол жұмысшыларының саны көбейеді.

Құрметті аудан тұрғындары, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Басты міндет - су тапшылығына байланысты проблемаларды шешу және оның сапасын арттыру", - деді әкімдік қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная