12 қазан 2022 | 11:19

Ет, жаңа банк және инвестиция. Қазақстан мен Қатар қандай келісімдер жасайды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:t.me/bort_01

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесуі барысында қандай маңызды құжаттарға қол қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесуі барысында қандай маңызды құжаттарға қол қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірімен кездесті.

"Бүгін біз Қатармен екі маңызды құжатқа қол қоямыз. Біріншісі - сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім. Екіншісі - стандарттау және метрология саласындағы келісім. Бұл өте маңызды келісімдердің бірі. Әрине, көп адамдар бағаламайды, бірақ бұл біздің тауарларымыздың танылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаржы саласында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қатар Банкі бізде өз филиалын ашуды жоспарлап отыр. Қазір түрлі Қатар қаржы институттары тіркеліп жатыр", - деді Жұманғарин Ақордада өткен кездесуде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, ынтымақтастық жылдарында Қатар Қазақстанға шамамен 50 миллион доллар инвестиция салған. 

"Біз үш миллион доллар аймағындамыз, бұл өте төмен деңгей. Сауда әлеуеті 70 миллион. Бұл біз Қатарға жеткізе алатын тауарлар. Қатар парсы шығанағының араб достастығына кіретін негізгі мемлекеттердің бірі, ең бай мемлекет. Бұл - бізден және Қазақстандағы инвестордан келетін азық-түлік тауарларының ағыны", - деді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная