ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2020 | 11:04
ЭТҚ-ның экс-қызметкері 30 миллион теңге бопсалаған. Ұсталған сәттің видеосы тарады
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі тергеу департаменті алдау және сенімін пайдалану арқылы өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерден 30 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған Алматы қаласы тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада.
Жедел-тергеу іс-шарасы нәтижесінде алаяқ ақша қаражатын алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталып, қылмысын мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также