29 қыркүйек 2022 | 08:18

ЭЦҚ халықты шаршатқанын мойындаймын - Мусин

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық цифрлық қолтаңбаның қолайсыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық цифрлық қолтаңбаның қолайсыз екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шындығында, ЭЦҚ бәрімізді шаршатқанын мойындаймын. Оны бір жерге барып алу керек, арнайы қосымшаларды орнату керек, тағы басқасы... Бұл Цифрлық даму министрі ретінде маған ұнамайды. Сондықтан, осында отырған адамдардың арқасында QR кеңінен қолданыла бастады. EGov Mobile-ды ашып, жай QR қолтаңбасы арқылы QR кодты көрсетіп, қол қоюға болады", - деді министр.

 Мусин ЭЦҚ-ны сақтаудың, флэш-дискке, компьютерге жазып алудың қажеті жоқ екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Электронды қолтаңбаны шынын айтқанда, адамдар әлі де түсінбейді. Қанша қол қою керек, тағы қаншасын шығару керек, қанша рет халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек, сондықтан QR қолтаңбасын қолдану бірден өз әсерін береді, сонымен қатар ол жаңадан бастаған кәсіпкерлерге де, өнеркәсіп және технологиялық платформалар үшін де пайдасын тигізеді. Өйткені адамнан ЭЦҚ талап етілмейді, оның қалай және қай жерде берілгеніне көз жеткізудің қажеті болмайды", - деп түйіндеді сөзін министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная