ЭЦҚ-ны бөтен адамға заңсыз берген қазақстандықтарға айыппұл салынады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға заңсыз берген қазақстандықтарға 400 мың теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегілер ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, соңғы кезде қазақстандықтар арасында ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген. 2020 жылдың өзінде осындай 30 шақты дерек анықталған. Былтыр 50-ден аса әкімшілік іс тіркелген.

Реклама
Реклама

"ЭЦҚ адамның өзі қаламмен жазып, қол қойғанмен тең екенін және екеуінің заңды салдары болатынын есте сақтау керек. Өз қауіпсіздігіңді сақтап, алаяқтың құрбаны болмау үшін министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға бермеуге кеңес береді. Оны жоғалтқан жағдайда бірден қайта жасату керек, сондай-ақ стандарт парольді одан күрделіге ауыстыру керек", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная