Еуразиялық одақтың күйреуін көргісі келетіндер бар - Назарбаев

28 Сәуір 2014, 19:05
1
Еуразиялық одақтың күйреуін көргісі келетіндер бар - Назарбаев - Нұрсұлтан Назарбаев. Фото arhiv.profinance.kz сайтынан
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото arhiv.profinance.kz сайтынан

ТМД сияқты мемлекетаралық ұйым аясында ортақ валюта мен кеден кеңістігін құру туралы сан алуан келісімдерге қол қойылған болатын. Алайда оның барлығы аяқсыз қалды. Еуразиялық экономикалық одақты құру кезінде ондай қателіктерге жол бермеу керек. Бүгін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ сан алуан дағдарыс жағдайларына тап болуы мүмкін. "Біз оны жақсы білеміз. Мәселен, қазір ондай жағдайға Еуропалық одақ тап болып отыр. Дағдарыстар біздің экономикамызда да болуы ықтимал. Алайда бүгінгі Украина шиелінісі біз үшін тиімді емес. Шынын айту керек, қазір біздің идеямыздың (Еуразиялық экономикалық одақ - авт.) күйреуін көргісі келетіндер аз емес", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, әлемдік экономиканың дамуы қатты тежеліп қалған кезде біздің ресурстарымызға деген сұраныс күрт өсті. Соның салдарынан интеграцияның деңгейі төмендеп қалған. 

"Сол кезде кейбіреулер "бәрі құлады, күйреді", деп айтуға даяр тұрды. Түк те емес. Ондай "зигзактар" болды, болады да. Алайда негізгі идея іске асып, бізге табыс әкеледі деген сенім мол. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді рәсімдеген кезде, біз осындай қауіп-қатерлердің барлығын ескеруіміз керек. Өкінішке қарай, бізде де кейбір шенеуніктердің шыдамсыздығы ауруға айналды. Олар болашақ Еуразиялық одақты шаблон бойынша қалай болса, солай жасай салуға әуес. Әрине, ондай әрекеттер жақсылыққа апармайды. Барлығы бір нәрсені түсінуі керек. Біз ертең геоэкономикалық немесе геосаяси өзгерістердің ықпалынан еріп кететін "жып-жылтыр ақшақарды" жасап жатқан жоқпыз. Бұған дейін де асығыс шешімдер болған. Мәселен, ТМД аясында біз, президенттер ортақ валюта мен кеден кеңістігін құру туралы сан алуан келісімдерге қол қойдық. Бірақ оның барлығы қазір қайда? Біреудің есіңде бар ма? Ондай қателіктерді қайталағымыз келмейді", - деді Президент. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай