ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2022 | 13:59
Еуропаның алты компаниясы Қазақстанға көшуге шешім қабылдады - премьер-министр
Еуропаның алты ірі компаниясы өндірісі мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропаның алты ірі компаниясы өндірісі мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің айтуынша, Ресей нарығынан шығып кеткен 300-ден аса еуропалық компаниялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
"Өндіріс орындарын көшіруге 50-ден аса компания қызығушылық танытты. Алты компания шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшір3п жатыр. Қалған компаниялар атқарушы органдармен, министрлікпен, жергілікті компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр", - деді Смайылов Сенат отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также