ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2022 | 11:53
Еуропарламент депутаты Қазақстанда президент мандатын 7 жылға ұзартуға қатысты пікір білдірді
Еуропарламент депутаты Фульвио Мартушелло Қазақстанда бір реттік ұзақтығы 7 жылдық президент мандатының енгізілуі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропарламент депутаты Фульвио Мартушелло Қазақстанда бір реттік ұзақтығы 7 жылдық президент мандатының енгізілуі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ағылшын тіліндегі мәлімдеме Еуропарламент сайтында жарияланды.
"Еуропалық парламенттің Орталық Азиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы ретінде мен Президенттің, Парламенттің және Қазақстанның Конституциялық сотының жеті жылдық мерзімге бір реттік мерзім енгізу жөніндегі қадамдарын жоғары бағалаймын... Мұндай реформа елдегі демократиялық қайта құруды күшейтіп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін ерекше үлгі жасайды.
Қазақстан халқы мен институттарының адал, кейде өте сыни, бірақ әрқашан сындарлы серіктесі бола отырып, Еуропалық парламент Қазақстан еш ойланбастан демократия жолына, оның ішінде нақты плюралистік көппартиялық жүйені енгізу, сот билігінің тәуелсіздігін нығайту және жеке бостандықтарды құрметтеуді кеңейту жолына тұруы тиіс екеніне нық сенімді. Бір реттік президенттік мандаттың енгізілуі тежеу мен тепе-теңдіктің неғұрлым жетілдірілген жүйесін және елдегі неғұрлым серпінді саяси ландшафтты қалыптастырады", - деп атап өтті ол.
Фульвио Мартушеллоның айтуынша, инновация елдегі заңнамалық, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелердің трансформациясы мен белсендірілуіне ықпал етеді, бұл оның көршілеріне тиімді әсер етіп, Еуропалық Одақпен әріптестікті одан әрі тереңдетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также