11 қараша 2022 | 14:05

ЕҰУ өкілдері даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері жатақханалардың бірінде сайлауға қатысуға қатысты түсірілген видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері жатақханалардың бірінде сайлауға қатысуға қатысты түсірілген видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода оқу орнының қызметкері студенттерге олар жатақханада тұратындықтан дауыс беруге міндетті екенін айтады.

"Осы жатақхананың ішінде тұрған соң, учаске осы аймақта болған соң түске дейін дауыс берулеріңіз керек. Дауыс беруге шыққанда дұрыстап киініп шығамыз. (...) Ол жерде шетелден келген бақылаушылар отырады. Таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін. Араларыңызда "барғым келмейді" дейтіндер болатын шығар. Олай болмауы керек", - дейді видеодағы әйел адам студенттерге.

Реклама
Реклама

Оқу орны өкілдері университет басшылығы сайлауға міндетті түрде қатысуға шақыруға жол бермеу ұстанымында екенін айтты.

"Өзге қаладан келген студенттер, бірінші курстағылар және жатақханада тұратындар SMS-хабарламадан кейін педагог ұйымдастырушыға жүгініп, дауыс беру және сайлау учаскелерінің мекенжайы туралы сұраған болатын. Жатақхана педагогі студенттердің сұрағына жауап беріп, сонымен қатар, этикет ережесін сақтау керегін атап өтті", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, оқу орны өкілдерінің сөзінше, қызметкермен түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

"Университет қызметкерге не студенттерге қандай да бір нәрсеге мәжбүрлемейтінін және Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен берілген барлық құқығын қатаң сақтайды", - деді ЕҰУ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная