16 сәуір 2018 | 17:27

Эверестке шығу. Мақсұт Жұмаевтың экспедициясы бастапқы лагерьге аттанды

© flickr.com

Қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Жер бетінің ең биік нүктесі - Эверестке шығуды жоспарлап отыр. Экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Команда 14 сәуірде Непал астанасы Катманду қаласына ұшып барды. Келесі пункт - 5 000 метр биіктікте орналасқан бастапқы лагерь.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Жер бетінің ең биік нүктесі - Эверестке шығуды жоспарлап отыр. Экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Команда 14 сәуірде Непал астанасы Катманду қаласына ұшып барды. Келесі пункт - 5 000 метр биіктікте орналасқан бастапқы лагерь.

"Катмандуге сапарым ешбір жайтсыз өтті. Ұшақта аңыз адамды кездестірдім. Әлем шыңдарын алғашқы болып бағындырған Райнхольд Месснерді кездестірдім", - деді Мақсұт Жұмаев.

Реклама
Реклама


Мақсұт Жұмаев пен Райнхольд Месснер. © Мақсұт Жұмаев

Айта кетейік, 15 сәуірде команда шыңға шығуға рұқсат алды. Ал бүгін таңертең қатысушылар Лукла ауылына тікұшақпен ұшып келді.


Шыңға шығуға берілген рұқсат. © Мақсұт Жұмаев

"Бастапқы лагерьге дейін шамамен 50 шақырым жер бар, онда 26 сәуірде жетеміз. Біздің командамыз жолда климатқа бейімделіп, оттектің жетіспеуіне және ауа температурасының өзгеруіне үйрену керек. Осы орайда яғни, маршрут аясында біз Парчамо тауына шығамыз. Бұл Эверестке шығудың алдындағы дайындық болмақ", - дейді альпинист.

Қазіргі уақытта команда теңіз деңгейінен 2 280 метр биіктікте. Олар ақырындай осылай көтерілетін болады. Бастапқы лагерьге дейін баратын жол қауіпсіз. Мұнымен қоса, экспедиция кезінде елді мекендерді кездестіруге болады.


Кешкі уақыттағы Катманду. © Максұт Жұмаев

"Жалпы ешбір келеңсіздік болған жоқ, тек ауа райының бұзылғаны болмаса. Биіктікке шыққан сайын жел күшейіп жатыр, сондықтан осындай жел кезінде ұшақтарға ұшуға тыйым салынды. Ал менің жабдықтарымның барлығы Катмандуде қалып кетті. Оларды кейінірек жеткізіп беруі қажет, әлі әкелген жоқ. Бірнеше сағаттан соң көтерілеміз, қобалжып тұрмын. Себебі өзіммен бірге жабдықтарым жоқ. Ал онсыз шыға алмайсың!", - дейді Мақсұт Жұмаев.

Осыған дейін Мақсұт Жұмаев Эверестің солтүстік жағына қарай барған болатын. Енді ол оңтүстік бағытпен көтерілмекші.


Лукла ауылы. © Максұт Жұмаев

"Осы екі бағытты тізімге алған әлемде шамамен 10 альпинист бар. Шыңның оңтүстік бөлігіне көтерілу әлдеқайда қиын және қауіпті. Басты қауіпті болатын жері - Кхумбу деп аталатын мұздық. Бұл әлемдегі ең қауіпті мұздық саналады. Сондай-ақ, осы жақта Лхоцзе деген аймақ бар - ол да өте қауіпті жер. Сондықтан болар шыңның оңтүстік бөлігінде альпинистре тоқтап, демала алатын лагерьлер саны аз", - дейді альпинист.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная