EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдай дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдай дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды © Тұрар Қазанғапов

EXPO-2017 аума?ында опырыл?ан ??рылыс б?лігіне ?атысты ?ылмысты? іс ?оз?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?станны? ІІМ ?кілдеріне сілтеме жасап.

EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап.

"ЭКСПО аумағында екі павильон арасында орналасқан декоратив көпір құрылысының опырылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл сапасыз құрылыс. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс өндіріске жіберілу үшін ІІМ Тергеу департаментіне тапсырылды. Қазір барлығы басшылықтың бақылауында", - деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама