EXPO-2017 көрмесіне байланысты Астанадағы ЖОО студенттерінің оқуы кешірек басталады

EXPO-2017 көрмесіне байланысты Астанадағы ЖОО студенттерінің оқуы кешірек басталады

Астанада EXPO-2017 к?рмесіні? ?туіне байланысты ЖОО ?шін 2017-2018 о?у жылы 10 ?ырк?йекте басталады. Б?л туралы ?Р Білім ж?не ?ылым министрлігіні? Tengrinews.kz тілшісі жолда?ан сауал?а берген жауабында айтылады.

Астанада EXPO-2017 көрмесінің өтуіне байланысты ЖОО үшін 2017-2018 оқу жылы 10 қыркүйекте басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде елордадағы көлік қозғалысын жеңілдету үшін жоғары оқу орындарындағы 2016-2017 оқу жылының соңы мен 2017-2018 оқу жылына өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылды. 

"Жоғары оқу орындарындағы ғылыми кеңестердің шешімімен 2016-2017 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Ал 2017-2018 оқу жылы 10 қыркүйекте басталады деп жоспарланды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы академиялық күнтізбелерге өзгертулер енгізді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Реклама
Реклама

Cонымен қатар, ҚР БҒМ өкілдері ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰБТ жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылатын іріктеу емтихандарының бір формасы болатынын айтып өтті. Осыған байланысты 2017 жылдың түлектері ҰБТ-ны екі кезең бойынша тапсырады: қорытынды аттестация, яғни, мектептегі қорытынды емтихан, ал екінші кезең - ҰБТ. ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы болып саналады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ҰБТ тапсыру туралы өтініш 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында қабылданады. Айта кетейік, биыл ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ал кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама