EXPO-2017 нысандарын бұрынғы сотталғандар тұрғызады

©Tengrinews.kz

Бұрынғы сотталғандар EXPO-2017 нысандарын тұрғызатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Астана прокуратурасының бастамасымен "Астана ЭКСПО - 2017" ҰК, Астана бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты - шығарылатын тауарларды тапсырыстармен қамтамасыз ету және өндіріс көлемін кеңейту есебінен Астана колонияларындағы сотталғандарды еңбекпен қамту деңгейін мейлінше арттыру, сонымен бірге, бүкіләлемдік көрме нысандары құрылысын салатын мердігер ұйымдарға бұрынғы сотталғандарды жұмысқа орналастыру", - делінген хабарламада. 

Прокуратураның хабарламасында ұлттық компанияның қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарымен ынтымақтастығы өзара тиімді болатынына сенім білдірілген, атап айтқанда, бұл сотталғандардың елеулі бөлігін алдағы 2-3 жылда төленетін еңбекпен қамтуға жол ашады және Астананың түзеу мекемелеріндегі өндірістік қызметтің дамуына қосымша серпін бермек.

Реклама
Реклама

Меморандум шеңберінде оны іске асырудың барлық техникалық мәселелерін шешетін жұмыс тобы құрылады. Астана прокуратурасы өз тарапынан меморандум нәтижесіне бақылау жүргізіп, тараптарды негізгі мақсатқа жетуге бағыттап отыратын болады.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама