EXPO-2017 нысандарының құрылысы ғарыштан түсірілді

Видеодан алынған кадр

EXPO-2017 халы?аралы? мамандандырыл?ан к?рмесіндегі нысандарды? ??рылысы ?арыштан т?сірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ?ор?аныс ж?не аэро?арыш ?нерк?сібі министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі нысандардың құрылысы ғарыштан түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадрлар қазақстандық KazEOSat-1 ғарыш аппараты мен "Плеяды" француз компаниясының Airbus Defense and Space аппаратымен түсірілген. Олар 2015-2017 жылдар аралығындағы құрылыс барысын түсірген. Осы уақыт бойы 21 сурет жасалған екен. ("Плеяды" аппаратымен - 14 сурет, "KazEOSat-1" аппаратымен - 7 сурет). Сондай-ақ, қазақстандық және француз мамандары біріге отырып, суреттердегі мәліметтердің мағынасын ашып, видеоролик жасаған. Видеороликте Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің құрылысы қалай жүргізілгенін көруге болады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, KazEOSat-1 алғашқы қазақстандық спутник болып саналады. Ол Куру ғарыш айлағынан 2014 жылдың 30 сәуірінде ұшырылған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама