ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 маусым 2017 13:27
EXPO-2017 нысандарының құрылысы ғарыштан түсірілді
EXPO-2017 халы?аралы? мамандандырыл?ан к?рмесіндегі нысандарды? ??рылысы ?арыштан т?сірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ?ор?аныс ж?не аэро?арыш ?нерк?сібі министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі нысандардың құрылысы ғарыштан түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кадрлар қазақстандық KazEOSat-1 ғарыш аппараты мен "Плеяды" француз компаниясының Airbus Defense and Space аппаратымен түсірілген. Олар 2015-2017 жылдар аралығындағы құрылыс барысын түсірген. Осы уақыт бойы 21 сурет жасалған екен. ("Плеяды" аппаратымен - 14 сурет, "KazEOSat-1" аппаратымен - 7 сурет). Сондай-ақ, қазақстандық және француз мамандары біріге отырып, суреттердегі мәліметтердің мағынасын ашып, видеоролик жасаған. Видеороликте Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің құрылысы қалай жүргізілгенін көруге болады.
Айта кетейік, KazEOSat-1 алғашқы қазақстандық спутник болып саналады. Ол Куру ғарыш айлағынан 2014 жылдың 30 сәуірінде ұшырылған болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу