EXPO-2017 ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти және Би-2 концерттерінің билеттері пайда болды

EXPO-2017 ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти және Би-2 концерттерінің билеттері пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Expo-2017 к?рмесіні? ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти, Би-2 ж?не "Мумий Тролль" концерттеріні? билеттері сатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Expo-2017 көрмесінің ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти, Би-2 және "Мумий Тролль" концерттерінің билеттері сатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Сондай-ақ, Black Star (Тимати, L'One, Мот және тағы басқалар), Полина Гагарина және Егор Кридтің концерттеріне билет сатып алуға болады. Айта кетейік, EXPO-2017 аясында The Spirit of Tengri, JAZZIA Astana 2017 және MTV телеарнасының концерті өтеді.

Мәдени бағдарламамен толығырақ мына жерде таныса аласыздар.

Жарнама
Жарнама

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, EXPO-2017 көрмесіне бару жұмыс күндері - 4 000 теңге, ал демалыс күндері - 6 000 теңге болады. Ал нақты күні көрсетілмеген билеттер 8 000 теңге тұрады.

Сонымен қатар, EXPO-2017 аясында КВН ойындарының жазғы кубогі мен Cirque du Soleil шоуы өтеді.

EXPO-2017 халықаралық көрмесі өз жұмысын Астанада 10 маусымда бастайды. Айта кетейік, көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама