01 қазан 2021 | 15:38

EXPO-2020 көрмесіндегі Қазақстан павильонынан суреттер жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Tengrinews.kz/Мейірім Смайыл

Қазақстан павильоны бүкіләлемдік EXPO-2020 көрмесінің бірінші күнінде қонақтарды қабылдай бастады. Павильон туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісі материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан павильоны бүкіләлемдік EXPO-2020 көрмесінің бірінші күнінде қонақтарды қабылдай бастады. Павильон туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Бұған дейін павильонның техникалық ашылуы өткен еді. Қазақстан құрылысты дер кезінде аяқтап, уақытында пайдалануға берді. Бүгінге дейін барлық көрме нысаны аяқталмаған, сондықтан EXPO-2020 аумағында салынып жатқан ғимараттар мен павильондар бар.

Бүгін Дубайдағы ауа райы 2017 жылдың 10 маусымында EXPO көрмесі ашылған елордадағы ауа райына ұқсайды. Күн ыстық, аспанда бұлт жоқ. Таңертең ғана ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілді. Түске дейін 38 градус ыстық күтіледі. 

Реклама
Реклама

Көрмеге кіреберісте Қазақстан павильонына ішкі автобуспен бару керек. Бірақ бұл жерден Біріккен Араб Әмірліктерінің негізгі павильонына дейін 5 минутта жаяу жетуге болады.

Қазақстандық павильон шығыс стилінде жасалған, бірақ заманауи техникалық құралдармен толықтырылған. Қабырғалар жеңіл конструкциядан тұрғызылған, ал үшкір доға киелі Түркістанды еске салады.

Кіреберісте қонақтар мен кезекте тұрғандарға күн көзінен қорғайтын көлеңке жерлер ұйымдастырылған. Павильонның жанында жаяу жүргіншілерге арналған күннен қорғайтын орындар бар.

Сондай-ақ, қазақ павильонының жанында шағын субұрқақтар бар.

Павильонның кіреберіс доғасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген.

Павильон алдындағы арнайы жабдықталған ашық алаңда қонақтар этникалық музыкалық топтардың қойылымдарын, заманауи өңдеудегі ұлттық композицияларды тамашалай алады.

Павильон іші салқын. Негізгі зал "Ұлы дала аймағы" деп аталады. Мұнда қабырғалардың орнына айналар мен экрандар орналастырылған. Олар шексіз кеңістік бейнесін береді, ал жасанды шөп - шексіз даланың көрінісі.

Павильонның ішінен даланың иісі аңқиды, ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жусан иісі бар арнайы хош иістерге байланысты.

Қазақстан павильоны АҚШ павильоны маңында орналасқан. Қарама-қарсы Италия мен Үндістан павильондары орналасқан, Қытай мен Emirates әуекомпаниясының павильонынан да алыс емес.

EXPO-2020 аясында Қазақстан павильонында Қазақстан шенеуніктерінің, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор өкілдері қатысуымен 25 іс-шара жоспарланған. Қазақстан делегациясы инвесторларға елдің инвестициялық және туристік әлеуеті, ғылыми және білім беру жобалары, шығармашылық туралы презентациялар ұсынады, сондай-ақ перспективалы жобалар мен елдің қазіргі заманғы дамуын көрсетеді.

Көрмеге 192 мемлекет қатысады, шамамен 25 миллион қонақ келеді деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная