19 қаңтар 2021 16:10

"Эйр Астана" бортында темекі шеккен украиналық жазаланды

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жазаланды. 17 қаңтарда "Эйр Астана" әуекомпаниясынан Киев - Алматы әуерейсінің бортында құқықбұзушы отырғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық көліктегі полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тексеру кезінде көлік полицейлері Украинаның 33 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшақта отырғанда электрон сигарет шеккен, яғни ұшу қауіпсіздігі ережесін бұзған.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігіне (Әуе кемесінің бортында темекі және (немесе) электрон сигаретін шегу) сәйкес, хаттама толтырды және 50 АЕК айыппұл салды", - делінген хабарламада.

2020 жылы еліміздің көліктегі полицейлері әуе кемесіндегі түрлі құқықбұзышылық үшін 394 адамды, оның ішінде 34 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әкімшілік құқықбұзышылық үшін 93 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram