10 сәуір 2014 21:03

"Эйр Астана" Еурокомиссияның "сұр тізімінен" шықты

"Эйр Астана" ұшақтары. Сурет vesti.kz сайтынан алынған

"Эйр Астана" Еурокомиссияның "сұр тізімінен" шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшақтарының Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеулер алып тасталды. Әуетасымалдаушы еуропалық бағытта әуе сапарының жиілігін арттыруға рұқсат алды, енді жаңа бағыттарды жоспарлау мүмкіндігі туды. Еуроодақ әуе қатынастары Қауіпсіздік комитетінде, "Эйр Астана" қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай екенін дәлелдеді. Сондықтан 2009 жылдың маусымында қойылған шектеулер алынып тасталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram