ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2022 | 17:59
"Эйр Астана" Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы неге әуежайға қайтқанын түсіндірді
"Эйр Астана" Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы неге әуежайға қайтқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Эйр Астана" Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы неге әуежайға қайтқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша КС 622 рейсін орындаған Airbus А321 бортында қозғалтқыш клапандарының бірінің істен шығуы туралы хабарлама іске қосылды, ол қалыпты жағдайда жерде қолданылады. Бұл сигналды жою үшін, нұсқауларға сәйкес, экипаж кондициялауға ауа жинау жүйесін өшірді. Ұшақты төмен түсіре бастағанда экипаж қосалқы қуат қондырғысын іске қосып, кондициялау жүйесіне резерв ауа жинауды қосты", - деп түсіндірді әуекомпания.
"Эйр Астана" өкілдері ұшақ төмен түскенде салонда герметикалықты жоғалту болмады және оттегі маскаларын қолдану қажет болмағанын атап өтті. Қону штаттық режимде жүргізілді.
Жолаушылар басқа әуекемесімен жергілікті уақыт бойынша 12:15-те ұшып кетті.
Бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтқаны хабарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также