30 маусым 2021 12:34

Fake: COVID-госпитальдар вакцина алып, өлім аузында жатқан адамдарға толды

Иллюстрациялық фото: © РИА Новости

Қазақстандық Telegram-арналардың бірінде COVID-госпитальдар жағдайы ауыр науқастар мен вакцина алғаннан кейін өлім аузында жатқан адамдарға толғаны жайлы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде вакцина алғандар арасында COVID-19 жұқтырғандар бар, бірақ олардың саны аз.

Реклама
Реклама

"Қазақстанда вакцина салдырған 3 246 795 адамның 0,05 пайызы ғана ауру жұқтырды", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Сонымен қатар ведомство өкілдері вирус жұқтырғандардың басым бөлігі препараттың бірінші дозасын ғана алғанын мәлімдеді. Оларда коронавирусқа қарсы иммунитет толық қалыптаспаған.

Айта кетейік, АҚШ-тың Ауруды бақылау және профилактика орталығының мәліметінше, 2021 жылдың 21 маусымында вакцина алған адамдар арасында 4 115 ауру жұқтыру жағдайы тіркелген. Бұл сол уақыттағы әлем бойынша вакцина алғандар санының 0,002 пайызына тең.

Бұл деректер бұрынырақ хабарланған вакцина тиімділігімен сәйкес келеді. Phizer/BioNTech препараты - 92 пайыз, Moderna - 94 пайыз, AstraZeneca - 74 пайыз, "Спутник-V" - 92 пайыз, Sinopharm (Hayat-Vax) - 73 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram