23 тамыз 2024 | 11:42

Ферроқорытпа зауытында 4 адамның өлімі: кінәлілер аталды

Фото: depositphotos.com

Арнайы комиссия Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апат бойынша егізгі кінә жұмыс берушіде екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арнайы комиссия Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апат бойынша егізгі кінә жұмыс берушіде екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайдың салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі жарақат алды, оның 4-і ауруханада қайтыс болды. Көз жұмғандар терең күйік алған, оларды аман алып қалуға қазақстандық, шетелдік мамандар тырысқанымен, құтқару мүмкін болмады.

ТЖ дерегі бойынша арнайы комиссия құрылды. Жағдайдың мән-жайын зерттелгеннен кейін оқиғаға жұмыс беруші кінәлі екені анықталды.

Реклама
Реклама

"Комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, куәгерлердің сауалнамаларын, сараптама ұйымының қорытындысын, нормативтік құжаттар мен басқа да материалдарды зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келді. Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау бойынша шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды", - деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және қаза тапқандардың отбасы мүшелерімен кездесті. Оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтары түсіндірілді.

Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері және жиналған барлық материал болған жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

"Сондай-ақ, комиссия YDD Corporation ЖШС басшылығына жазатайым оқиғаның себептерін жою және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу жөнінде шаралар кешенін қабылдауға қаулы етті. Жұмыс берушінің ақпаратына сәйкес, жұмыс берушінің міндеттемелеріне қатысты материалдық сипаттағы барлық мәселе сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жақын туыстарына өзге де көмек көрсету реттелген. Сонымен қатар, жұмыс беруші зардап шеккендердің жақын туыстарына өтеусіз материалдық көмек көрсетті", - деп толықтырды ведомстводан.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды қаласында "YDD Corporation" ферроқорытпа зауытында өндірісте жазатайым оқиға болып, салдарынан сегіз жұмысшы зардап шекті, олардың төртеуі қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная