FISU құрметті мүшесі Универсиада-2017 кезінде ауруханаға түсті

Алматылы? д?рігерлер FISU ?кіліні? ?мірін аман алып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы 31 ?а?тарда журналистерді? ?атысуымен ?ткен брифингте 28-ші Б?кіл?лемдік ?ыс?ы Универсиаданы дайындау ж?не ?ткізу дирекциясыны? басшысы Наиль Нуров м?лімдеді. 

Алматылық дәрігерлер FISU өкілінің өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 31 қаңтарда журналистердің қатысуымен өткен брифингте 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров мәлімдеді. 

"Кеше ғана біздің бір қонағымыздың халі нашарлап кетті, ол FISU құрметті мүшесі Ристо Ниеминену. Оның жүрегі ұстап қалды. Өкінішке орай оны ауруханаға жатқызуға тура келді. Оған сәтті ота жасалды, қазіргі уақытта ол аурухананың жалпы бөлімінде жатыр. Дәрігерлер делегаттың денсаулығына жақсы баға берді, мүмкін ертең ертеңнің арғы күні ауруханадан шығарылады", - деді Наиль Нуров. 

Сонымен қатар, брифинг барысында осы жарыстардағы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жарыстардың шегерілгені туралы да айтып кетті. 

Реклама
Реклама

"Таңғы сағат 9-дарда Шымбұлақта шамамен 50 сантиметр қар болды. Өкінішке қарай, ереже бойынша мұндай жағдайда жарыс өткізуге болмайды. Сондықтан әйелдер арасындағы кросс ертеңге ауыстырылды. Ал сноубоурд жарысы екі сағатқа кешігіп басталды. Нәтижелерін білесіздер. Шаңғы қоссайысы да кейінге шегерілді. Себебі шаңғы қоссайысы мен трамплиннен секіру бір күнде өтуі керек болатын. Сондай-ақ, бүгінгі ауа райы биатлон мен шаңғы жарысына да әсер етті", - деді ол. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама