30 мамыр 2023 | 12:30

Fly Arystan мен Air Astana-ның бөлінуі тарифтердің қымбаттауына әкелуі мүмкін - Питер Фостер

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Air Astana президенті Питер Фостер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Fly Arystan әуекомпаниясын Air Astana әуекомпаниясынан бөлу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana президенті Питер Фостер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Fly Arystan әуекомпаниясын Air Astana әуекомпаниясынан бөлу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фостердің айтуынша, әуекомпаниялары бөлінсе, Fly Arystan компаниясының экономикалық артықшылығы жоғалады.

"Бұл мәселе бойынша нақты айтайын, егер Air Astana-дан Fly Arystan-ды бөлуді қарастыратын болсақ, онда нарықтағы тарифтердің төмендеуі туралы айта алмаймыз. Керісінше, бұл тарифтердің өсуіне және өсімге әкеледі", - деді ол Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Air Astana басшысының айтуынша, әуекомпанияның бөлінуі тарифтердің қымбаттауына әкелуі мүмкін.

"Себебі - Fly Arystan пайдаланатын синергияда. Егер бөлініп, бұл синергия жоғалса, онда тарифтерді төмендету туралы емес, көтеру туралы әңгіме болады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная