19 ақпан 2021 | 10:46

FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонды

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

"19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ. Алайда жолаушылардың сөзінше, ұшақ үшінші реттен ғана Алматыға қонған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram