Францияның экс-президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Францияның экс-президенті Назарбаевқа алғыс айтты © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Францияның бұрынғы президенті, Франция Конституциялық Кеңесінің мүшесі Франсуа Олландпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді.

"Сіз Президент кезіңізде біздің елде ресми сапармен болған едіңіз. Соның нәтижесінде ынтымақтастығымызды дамыту үшін жақсы жағдай жасадық", - деді Қазақстан Президенті.

Жарнама
Жарнама


© akorda.kz

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде "жасыл" технологиялар саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде "ЭКСПО-2017" кешенінің базасында құрылатын "Жасыл" экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама