ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2018 | 20:08
Франция президентіне қастандық жасамақшы болғандар ұсталды
Франция президенті Эмманюэль Макронға қастандық жасамақшы болған алты адам ұсталды, - деп хабарлайды Reuters.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Франция президенті Эмманюэль Макронға қастандық жасамақшы болған алты адам ұсталды, - деп хабарлайды Reuters.
Дереккөздің мәліметінше, шабуылы нақтыланбаған, не дұрыс ойластырылмаған күдіктілерді француз қауіпсіздік қызметінің өкілдері құрықтаған.
BFM TV француз телеарнасы ұсталғандардың ультраоңшыл экстремистер екенін айтады. Алайда бұл мәлімет нақтыланбаған.
Полицейлер күдіктілерді Францияның бөлек жатқан үш ауданынан ұстаған: Изере, Лионнан оңтүстік батыста орналасқан, Мозель, Германиямен және Люксембург шекарасынан және Ренн қаласының түбінде орналасқан Иль-э-Вилейнеде. Ұсталғандардың қандай байланысы бары және олардың бір-бірімен байланысқа түскен-түспегені белгісіз.
Жексенбіде жарияланған сұхбатта Макрон ультраоңшыл экстремистердің бүкіл Еуропаға қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеген еді.
Показать комментарии
Читайте также