15 тамыз 2024 | 12:45

Франциядағы люкс виллалар: Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы не қайтарады?

Видео кадры

Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінде сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тағы қандай активтері мемлекетке қайтарылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінде сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тағы қандай активтері мемлекетке қайтарылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активтерді қайтарады. Бүгінде 18 миллиард теңгеге активтер қайтарылды. Олардың қатарында Алматыдағы екі ірі бизнес-орталық, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар.

Бас прокуратураның мәліметінше, Сатыбалдыұлы мен оның жақын адамдарына тиесілі, жалпы сомасы 33 миллиард теңгеге шетелдік мүлік тұр.

Реклама
Реклама

"Дубай қаласындағы құны 20 миллиард теңге болатын екі қымбат вилла, Францияның Кот - д' Азур жағалауындағы құны төрт миллиард теңге болатын төрт элиталық пәтер, Мәскеу қаласының беделді тұрғын үй кешендеріндегі құны бес миллиард теңге болатын 15 жылжымайтын мүлік, Бодрум және Стамбул қалаларындағы құны төрт миллиард теңгеден асатын екі элиталық Вилла және пәтер", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная