ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2022 | 10:10
Франциядағы төтенше және өкілетті елші тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Гүлсара Арыстанқұлова Франциядағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Гүлсара Арыстанқұлова Франциядағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұл луазымда болған Жан Ғалиев Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также