G-Global журналистердің көмегіне жүгінбек

14 Мамыр 2014, 11:24
0
G-Global журналистердің көмегіне жүгінбек - ©tengrinews.kz
©tengrinews.kz

Биыл елордада өтетін VII Астана экономикалық форумы аясында алғаш рет журналистер саммитін өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сенатор Серік Нөгербековке сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, аталған саммиттің негізгі мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығын құру. "Ол біздің ұсынысымызды (G-Global жобасы - авт.) қолдайды деп сенеміз. Бұл саммитке 700-дей бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Олардың 300-і - шетелдіктер. Жиын барысында қаржы және экономика саласындағы өзекті мәселелер қалай жазылып жүр және оның бәрін қалай сараптау қажет? Осы іспетті мәселелер кеңінен талқыланады. Ол үшін ғалымдар мен журналистер бас қосып, қаржы-экономикалық мәселелерді кеңінен талқыға салмақ", - деді бүгін Сенат депутаты С.Нөгербеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Айта кеткен жөн, G-Global жобасы - бұл қаржы-экономикалық мәселелерді талқылауға арналған виртуалды алаң. Порталға әлемнің кез келген жерінен кіріп, жетекші ғалымдар мен сарапшылардың пікірталасына қатысуға болады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сан алуан халықаралық форумдарда аталған бастама туралы әрдайым айтып жүреді. "G-Global - бұл қаржы-экономикалық дағдарысты еңсерудің бірден-бір құралы. Ол өзекті деген мәселелерді шешудің тиімді жолын ұсына алады", - дейді Мемлекет басшысы. Алайда бұл бастамаға насихат жетіспейтін көрінеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай