Г. Исимбаева: "Нұрлы жол" нысандары үнемі депутаттардың бақылауында болады

© ortcom.kz

"Н?рлы жол" нысандары ??ірлерге шы??ан кезде ?немі депутаттарды? ба?ылауында болады. Партия фракциясыны? 12 отырысыны? ?орытындысы бойынша Премьер-Министрге ба?дарламаны? ж?зеге асырылуы бойынша 8 ?сыныс жіберілді, деді "Н?р Отан" партиясы фракциясыны? жетекшісі Г?лмира Исимбаева "Н?р Отан" партиясы фракциясыны? ке?ейтілген жиналысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Нұрлы жол" нысандары өңірлерге шыққан кезде үнемі депутаттардың бақылауында болады. Партия фракциясының 12 отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрге бағдарламаның жүзеге асырылуы бойынша 8 ұсыныс жіберілді, деді "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева "Нұр Отан" партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы  биылғы жылдың 24 наурызында фракцияның бірінші отырысында ұлттық қордан бөлінетін қаражатты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. "Нұрлы жол" инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы елдің экономикалық дамуы мен экономикалық саясатының негізі болып табылады", - деді Исимбаева.

Депутат атап өткендей, бағдарламаның әлеуметтік саласы ерекше маңызға ие.

Реклама
Реклама

 "Тапсырманы жүзеге асыру аясында партия өкілдері  "Нұрлы жол" бағдарламасының 5 бағыты бойынша  биылғы жылғы шақырылымда  12 отырыс ұйымдастырды, фракция президиумында талқылануға бірқатар өзекті мәселелер шығарылды. Олардың қорытындысы бойынша Премьер-Министрге 8 ұсыныс жіберілді", - деді ол.

Оның айтуынша, "Нұрлы жол" нысандары  үнемі депутаттық корпустың  бақылауында болады.

"Тапсырманың орындалу жолында депутаттық корпус тарапынан жүйелік жұмыс жүргізіліп отыр", - деді ол.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама