30 шілде 2019 | 17:32

Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен неге босатылғаны белгілі болды

Ғабидолла Әбдірахымов. © Tengrinews.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, қазір ең бастысы - халық пен билік арасындағы диалог. Ғабидолла Әбдрахымов еліміздің басшылығы тарапынан қолдауға ие болып, сенімге ие болғанын жақсы білесіздер. Оның еліміздегі ең жоғары және жауапты лауазымдарға тағайындалуы. Өкінішке қарай, ол мұны жеткілікті түрде түсінбеді", - деді Қырымбек Көшербаев.

Реклама
Реклама

Ол адамдардың көпшілігі мемлекет көмегіне мұқтаж болған кезде, Арыс қаласын қалпына келтіру жүріп жатқанда және Түркістан дамып жатқанда Әбдрахымовтың жүріс-тұрысы БАҚ-тарда, әлеуметтік желілер мен Интернетте егжей-текжейлі талқыланғанын атап өтті.

"Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына қайшы келеді, жалпы алғанда, биліктің беделіне нұқсан келтіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді", - деп атап өтті Президент Әкімшілігінің басшысы.

Көшербаев халықтың биліктің барлық тармақтарының адал жұмысына лайық екенін атап өтті.

"Аймақ басшылары халықтың нағыз қызметшісі болуы және өзін осындай жолмен ұстауы тиіс", - деп түйіндеді Көшербаев.

Ғабидолла Әбдірахымовтың қызу талқыланған мәлімдемелері

Еске салайық, бүгін Ғабидолла Әбдрахымов қызметінен кетіп, оның орнына Ерлан Айтаханов келген еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная