09 шілде 2021 | 16:28

Гаити президентін өлтірді деген күдіктілердің суреті жарияланды

Гаити баспасөз қызметі президент Жовенель Моизді өлтірді деген күдіктілердің суреттері мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гаити баспасөз қызметі президент Жовенель Моизді өлтірді деген күдіктілердің суреттері мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Twitter желісінде Кариб елінің көшбасшысын өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың суреттері белсенді тарап жатыр. 

Реклама
Реклама

Гаитидің құқық қорғау органдары бұған дейін ел президенті Жовенель Моиздің өліміне қатысы бар 28 күдіктіні анықтағанын, олардың 26-сы Колумбия азаматы екенін хабарлады. Полиция басшысының мәліметінше, барлығы 17 қылмыскер ұсталды.

Гаити полициясының басшысы Леон Шарль қауіпсіздік күштері кісі өлтірді деп күдіктелген төрт жалдамалы адамды атып өлтіріп, тағы екеуін ұстағанын айтты. Шарльдің сөзінше, шабуылдаушылар үш полиция қызметкерін кепілге алған, алайда Порт-о-Пренс операциясы аясында босатқан. 

Еске салайық, 7 шілдеде Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасалды, ел басшысы ауыр жарақат алып, қаза болды.

53 жастағы Жувенель Моиз 2016 жылы президент болып сайланған, қызметіне 2017 жылдың 7 ақпанында кіріскен. БАҚ-тың хабарлауынша, оның өлімі кедейлік пен елдегі тұрақсыздық жағдайында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная