27 сәуір 2020 | 09:41

Ғалымдар биылғы ауа райына болжам жасады

Фото: pravda.ru

Ресей ғалымдары 2020 жылы ауа райы өте ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей ғалымдары 2020 жылы ауа райы өте ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Осыған дейін АҚШ-тың мұхиттар мен атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының (NOAA) ғалымдары 75 пайыз болжаммен 2020 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, олардың айтуынша, 99,9 пайыз болжаммен биыл рекордтық жылу көрсеткіш бойынша бестікке кіруі ықтимал.

Енді бұл болжамға қатысты Ресей гидрометорталығының ғылыми меңгерушісі Роман Вильфанд мәлімдеме жасады.

"Климатологтар әрбір бес жыл сайын ауа райы рекордтық көрсеткіш көрсететінін айтып, сендіріп отыр. Орташа температура жоғарылай береді. Бес жыл қатарынан ауа температурасы көтеріліп келеді. Бұл ғаламдық жылынуға тән процесс. Бұл атмосферада парник газдарының тұрақты өсуімен байланысты. Биыл ауа райы рекордтық деңгейде өте ыстық болмаса да, 99 пайыз болжаммен биылғы жаз ең ыстық болып, ең ыстық деген бестікке кіруі ықтимал", - дейді  ғалым.

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная