Ғалым Үлкен Алматы көліндегі судың неліктен азайғанын түсіндірді

Алматы т?р?ындары мен туристер ?лкен Алматы к?ліндегі суды? азайып жат?анына ала?даушылы? білдіріп жатыр. ?Р ?лтты? ?ылым академиясыны? академигі, профессор Игорь Северский Tengrinews.kz тілшісіне к?лдегі суды? неліктен азайып жат?анын т?сіндіріп берді.

Алматы тұрғындары мен туристер Үлкен Алматы көліндегі судың азайып жатқанына алаңдаушылық білдіріп жатыр. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Игорь Северский Tengrinews.kz тілшісіне көлдегі судың неліктен азайып жатқанын түсіндіріп берді.

Ғалымның айтуынша, Үлкен Алматы көліндегі су жыл сайын азаяды.

"Қазіргі уақытта қар суы келіп жатқан жоқ. Су мұздық еріген кезде келмейді. Әдетте көп жыл тұрған мұздар маусым айының соңында ғана ери бастайды. Ал биыл мұздықтар әлі ерімеді.

Реклама
Реклама

Бірақ барлығы температура мен жауын-шашынның жаууына байланысты. Бұл процестер мұздың еруіне кедергі жасайды. Әзірше, мұздықтар еріген жоқ. Оның барлығы қардың астында жатыр, енді-енді еруі керек", - деп түсіндірді география ғылымдарының докторы Игорь Северский.

Ғалымның айтуынша, температура мен жауын-шашыннан басқа Үлкен Алматы көліндегі судың деңгейіне ешқандай фактор әсер етпейді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама