04 сәуір 2023 | 15:36

Ғани Бейсембаев Білім министрі қызметінде қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ғани Бейсембаев Білім министрі қызметінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғани Бейсембаев Білім министрі қызметінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Реклама
Реклама

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары - қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары - орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары - орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары - ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары - Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары - қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары - халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары - техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсанынан бастап ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

2023 жылғы 4 қаңтардан бастап ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная